Нужна сынылған жауап нұсқаларынан мәтінде берілген ақпаратты анықта. Игорь Северский: Жаһандық жылыну, айтып жүргендей онша қорқынышты емес Климатқа не болып жатыр, алдағы уақытта одан не күтуге болады? Осы салдарды біз ҚР ҰҒА академигі, География институтының ғылыми қызметкері Игорь Северскиге қойдық.
- Сәлеметсіз бе, Игорь мырза?! Рұқсат болса, ең маңызды сұрақтан бастасам, алда бізді не күтіп тұр – жылыну ма әлде мұз басу кезеңдері ме?
- Сәлем, әрине. Климаттың өзгерісін бағалауда ғалымдар әлемі ертеден-ақ екіге бөлінген. Сондықтан нақты жауап ұсыну қиын.
- Кешірерсіз, бүкіл жер шарында атмосфералық ауа температурасының көтеріліп жатқанын қалай түсіндірсе болады?
- Адамдар тұратын жерлердің ұлғаюы салдарынан бұрыс мәліметтер де жинақтала берген және олар климат ақырын жылып келе жатқан сияқты әсер тудырған.
- Ғафу етіңіз, сонда менің түсінуімше , көктемде қырғын су тасқыны мен жазғы жаппай қуаңшылық қаупі жоқ па?
- Алапат қуаңшылық пен су тасқындары бұрындары да байқалған, биыл Сахарада қар жауды. Жаһандық жылыну теориясын жақтаушылар, алдағы түрлі апаттар туралы үрейлі хабар таратуда. Менің пікірімше, олай деп айтуға ешқандай негіз жоқ. Табиғи апаттардың едәуір артуы мен одан келетін экономикалық шығындарға адамдардың өздері кінәлі. Адам көп нәрсені тез ұмыта салады, және пайдақорлықпен өте қауіпті аумақтарды игереді – цунамиге осал теңіз жағалауларын, немесе көшкін басу қаупі бар тау бөктерлерін, өзен жағалауларындағы жайылмаларды игереді.
- Сұқбатыңызға көп рақмет!
- Сіздерге де алғысым шексіз, сау болыңыздар!
Ғалымдар климат өзгерісіне қатысты екіжақты пікір ұстануда
Климаттың өзгеруінің теріс әсері оң әсерінен көбірек
Климаттың өзгеруінің оң әсері жағымсыз әсерінен көбірек
Климаттың өзгеруі адамзат өмірін толықтай өзгертуі мүмкін