Нужен текст на казахском языке про казахстан

SaintRomik SaintRomik    3   02.07.2019 23:40    0

Ответы
znmbuzinis znmbuzinis  02.10.2020 18:54
1. Қазақстан жерінде 130-дан астам ұлт өкілдері тұрады;2. Қазақстан мен Ресей шекарасы –  әлемдегі ең ұзын құрлықтық шекара (7 512,8 шақырым);3. Екібастұз ГРЭС-2 түтін мұржасы дүниедегі ең биік мұржа болып саналады; Қазақстан әлемде уран өндіруден 2005-2006 жылдары үшінші, ал 2009 жылы бірінші орынға шықты (13 500 тонна);5. Қазақстан Республикасы  жер көлемі жөнінен дүниеде тоғызыншы, мұхитпен шектеспейтін елдердің арасында бірінші орынды алады;Бірінші ондыққа кіретін мемлекеттер:1. Ресей2. Канада3. ҚХР4. Америка Құрама Штаты5. Бразилия6. Австралия7. Үндістан8. Аргентина9. Қазақстан10. Судан6. Қазақстан – қызғалдақ пен алма отаны;
7. Жылқы алғаш рет Қазақстан аймағында қолға үйретілген;8. Медеу –  таудың ең биік бөктерінде орналасқан мұз айдыны;
Тап қазіргі уақытта Медеу қысқы спорт түрі  бойынша көлемі жағынан ең үлкен және ең биікте орналасқан  мұз алаңы болып саналады (10,5 мың м²). Таудың биік жартастары әлемдік рекордты жаңарту  үшін өте қолайлы жер. Медеу мұз айдынында 170 әлемдік рекорд орнатылған.9. Жердің алғашқы  жасанды серігі (Спутник-1) мен бірінші ғарышкер адам Байқоңыр ғарыш айлағынан ұшты.10. Байқоңыр – әлемдегі  бірінші және ең үлкен ғарыш айлағы. Ол Қазақстан жерінде Төретам кентіне жақын ауданда табан тіреген.  Көлемі  6717  шаршы  шақырым.11. Орыс тілінің «деньги» сөзі Қазақстан елінің қазіргі валютасы «теңге» сөзінен шыққан.12. 1968 жылы ақпанның жиырмасы күні  Қазақ ССР  темір жолы салмағы  43,4 мың тонна, ал ұзындығы  6,5 шақырым болатын  440 вагонымен  әлемдік рекордты жаңартқан.13. Алматы Көк-Төбе телемұнарасын теңіз деңгейінен төмен есептейтін болсақ, онда ол   дүниежүзіндегі ең биігі болып есептеледі.
Алматы телемұнарасы 1978-1982 жылдар аралығына салынды. 1984 жылдан бастап қолданысқа берілген. Телемұнара 600 миллион рубльге (теңгеге шаққанда  2 879 400 000 болады) салынып, сейсмологиялық талаптарға сай өте берік етіп тұрғызылған.14. Ұлы Отан соғысы кезінде майданға жіберілетін  әр оқтың үшіншісі осы қазақстандық қорғасын өндіретін шеберханаларда жасалған. 
ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Қазақ тiлi