нужен первод, не с онлайн переводкика Біздің ұлы ағартушымыз Ахмет Байтұрсынов терминология проблемасы туралы былай деген болатын: «Біз сияқты мәдениет жемісіне жаңа аузы тиген жұрт өз тілінде жоқ деп мәдени жұрттардың тіліндегі дара сөздерді алғыштап, ана тілі мен жат тілдің сөздерін алмастыра-алмастыра ақырында ана тілінің қайда кеткенін білмей айырылып қалуы ықтимал.
Сондықтан, мәдени жұрттардың тіліндегі әдебиеттерін, ғылым кітаптарын, қазақ тіліне аударғанда, пән сөздерінің даярлығына қызықпай ана тілімізден қарастырып сөз табуымыз керек. Сонда біздің әдебиетіміздің тілі таза болады.».
Бұл жерде 1920-1930 жылдары «термин» атауы бірде «шет сөздер», кейде «пән сөздері», кейде «жат сөздер» немесе «терминдер» болып әртүрлі қолданғанын ескеру қажет.
Алғашқы қазақ сөздіктеріне Орынборда 1906 жылы басылып шыққан «Орысша-қазақша (қырғызша) қысқаша сөздікті», сондай-ақ, Орынборда 1923 жылы Е.Омаровтың редакциясымен басылып шыққан «Физика пән сөздерін» және Қ.Кемеңгерұлының редакциясымен 1925 жылы Мәскеуде басылып шыққан «Қазақша-орысша тілмашын» жатқызуға болады. Сонымен бірге, 1926 жылы Қызылордада Н.Қаратышқановтың редакциясымен «Пән сөздері» де басылып шықты. Олардан өзге, 1931 жылы «Атаулар сөздігі» де 1931 және 1935 жылдары «Терминологиялық сөздік», ал 1935 жылы Қызылордада «Қазақ тілінің терминдері» жарық көрді.
Жалпы алғанда, 1940-1990 жылдар аралығында 150-ден астам терминологиялық сөздіктер шығыпты. Ал, 1991-2003 жылдар кезеңінде тағы 100-ден астам сөздік шыққанын мақтанышпен айтуға болады. Дегенмен, мынадай сөздіктерді ерекше атап кету ләзім:
1. А.Ысқақовтың басшылығымен шыққан он томдық «Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі» (1974-1986 жылдар).
2. Академик І.Кеңесбаевтың «Қазақ тілінің фразеологиялық сөздігі» (1977 жыл).
3. «Орысша-қазақша сөздік» (1954, 1978, 2003 жылдар).
4. «Қазақ тілінің сөздігі» (1999 жыл).

Alex2103boec Alex2103boec    2   02.11.2020 13:28    0

Другие вопросы по теме Қазақ тiлi