Нужен перевод,. тоғызқұмалақ ұлттық спортымыздың iшiндегi шоқтығы биiк, қалыптасып орныққан спорт түрi, бұл – тоғызқұмалақ. бұл спорт түрi – әлемдiк мәдениеттiң озық үлгiлерiмен бой теңестiре алатын, қазақ халқының ежелден келе жатқан рухани, логикалық ойлау өнерi. жарыс командалық. команда құрамы 2 ер, 2 әйел. жарыс қазақстан спорт істері жөніндегі комитет бекіткен қолданыстағы жарыс ережелері бойынша өткізіледі. команда жеребе тарту бойынша 2 кіші топқа бөлінеді. 1 орын алған команда өз кіші тобында финалдық топ құрып, 1- 2 орындар үшін ойнайды, 3-4 орын алғандар 5-8 орындарға және т.б. ойнайды. кіші топтағы ойын нәтижелері финалда есепке алынады. топшалардағы және финалдағы ойындар айналу жүйесі бойынша бір айналымда өткізіледі. жеңімпаз команда жиналған ұпай саны бойынша анықталады, жеңісі үшін – 2 ұпай, тепе-тең үшін – 1, жеңіліс үшін – 0 ұпай.