Нужен диалог на казахском языке про использование и электроэнергии. заранее : )

weldys99 weldys99    1   08.11.2019 15:30    1

Ответы
899600327811 899600327811  10.10.2020 11:56

Электр қуатын үнемдеу туралы диалог құрастыру.

Баласы: Әке, мен үй жұмысын орындап отыр едім, бір сұрақтан қиналып отырмын. Көмектесіп жіберсеңіз?

Әкесі: Қанеки, қандай сұрақтан қиналып отырсың?

Баласы: Электр қуатын үнемдеу туралы қысқаша мәтін құрастыру керек. Қандай тәсілдері бар, соны айтып жеберсеңіз?

Әкесі: Қазіргі таңда әлемде энергия тапшылығы байқалатындықтан, электр қуатын үнемдеу – қоғамдағы басты қажеттіліктердің бірі болып отыр. Электр қуатын үнемдеудің келесідей жолдары бар:

Алдымен, бөлмеден немесе үйден шығарда шамның барлығын сөндіріп тек қажет уақытында қосып жүру керек.

Баласы: Анам екеуіңіз үнемі менің есіме салып отырасыздар ғой, сонда бұл да үнемдеу болып саналады екен ғой!

Әкесі: Әрине, балам. Шам демекші, қазір электр энергиясын аз пайдалатын, яғни энергия үнемдегіш шамдар жетерлік. Мысалы, біздің үйімізде шамдардың барлығы осындай электр қуатын үнемдейді.

Баласы: Мен мұны білмеппін.

Әкесі: Желдеткіш пен кондиционерді жиі пайдаланбай, кей кездері терезені ашқан да жеткілікті болады.

Баласы: Үнемдеудің біршама тәсілдері бар екен ғой. Рахмет сізге!

Әкесі: Ия, әлі талай тәсілдері бар. Осы жеткілікті болса, оқасы жоқ.

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Қазақ тiлi