Нужен диалог на казахском языке по теме предки, или жети ата

GDI1 GDI1    2   16.06.2019 01:40    4

Ответы
Физик5765 Физик5765  02.10.2020 02:33

Жеті ата туралы диалог құрастыру.

Баласы: Әке, жеті ата деген кім? Оларға қандай туысқандарды жатқызуға болады?

Әкесі: Балам, жеті ата – қазақ халқының ежелден келе жатқан шежірелік жүйесі. "Жеті ата" дегеніміз: 1) Бала, 2) Әке, 3) Ата, 4) Арғы ата, 5) Баба, 6) Түп ата, 7) Тек ата.

Баласы: Демек, жеті атаның барлығы да бір кісіден тараған туысқандар дегенді білдіреді ғой?

Әкесі: Ия, дәл солай. Сонымен қатар қазақ халқы жеті атаға дейін қыз алыспайды, осынын есте ұста, балам. Сондықтан болар, халқымыз «Жеті атасын білмеген жетесіз» деген.

Баласы: Жақсы, әке. Есте ұстаймын. Бүгін "Жеті атасын білген ұл, жеті жұрттың қамын жер. Жеті атасын білмеген, құлағы мен жағын жер" деген мақалды естіп, өз жеті атамды білмейтінімнен қатты ұялдым.

Әкесі: Демек, білетін кез келген болар. Онда жазып ал, кейін жаттап аласың. Өзіңнен бастап, жеті атаға дейін таратылады. Еркебұлан – Қанатбек – Тұрсын – Есім – Айдарбек – Қуандық – Тілес.

Баласы: Рахмет, әке. Жазып алдым. Енді жаттап алып, біреу сұрай қалса, біліп жүретін боламын. Жеті атаны әрбір қазақтың баласы білуі керек деп ойлаймын.

Әкесі: Дұрыс айтасың әрбір қазақ жеті атасын білуге міндетті. Бұл – отбасылық тәлім – тәрбиенің негізі.

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Қазақ тiлi