Нужен диалог на казахском языке на тему знакомство в аэропорту 13-15 строк зарание

Adilet37373737 Adilet37373737    1   10.06.2019 07:10    1

Ответы
kelyansky kelyansky  08.07.2020 19:10

"Әуежайдағы танысу" диалог.

– Сәлеметсіз бе?Мына орын бос па екен?

– Сәлеметсіз.Әрине,бос.Отыра беріңіз.

– Жарайды.Рахмет.

– Қай жаққа жол тарттыңыз?

– Бұйырса Нұр-Сұлтанға.Сіз ше?

– Мен де.Атыңыз кім болады.

– Әмина.Сіздікі ше?

– Сәуле боламын.Танысқаныма қуаныштымын.

– Мен де.Жайша бара жатырсыз ба?

– Қызым оқиды Нұр-Сұлтанда.Бітіру кешіне барып келейін дегем.Өзіңіз?

– Жұмыс бабымен.Конференцияға қатынасу керек еді.

– Солай деңіз.Әуежай,вокзал дегенге 1-2 сағат бұрын ерте келіп отырмаса болмайды.

– Дұрыс айтасыз.Кешігесіз де қаласыз.Жолды жауып тастауы мүмкін мысалы.

– Мен солай кешігіп қалғам.Содан кейін ерте келіп отыратын болдым.

– Түсінікті... Біздің ұшақты хабарлап жатыр.Тұрайық.

– Жарайды, жүріңіз.

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Қазақ тiлi