Номер 7 и 8 по тексту вроде Вот сам текст: Жазық дала тек көкжиекпен шеңбер тәрізді шектелген. Сон- дықтан көшпенділердің тұрағы да дөңгелек. Орталық Азиядағы күмбездік архитектураның бір бастауы – көшпенділердің киіз үйі. Қазақ халқы қолөнер шеберлерін жоғары бағалаған. «Ағаштан түйін түйген», «Он саусағынан өнер тамған» шебер ұсталар, тоқымашылар т.б. іскер адамдар халықтың материалдық мәдениетінің тамаша үлгілерін жасаған. Халық өнері, әсіресе, киіз үй жиһаздары мен ұлттық киімнен айқын көрініс тапты. Қазақ жерінде ХІХ ғасырда айдауда болған поляк Бронислав Залесский былай суреттейді: «Бұл бір ғажайып көрініс: олар көш кезінде мерекедегідей жасана киінеді. Ең әдемі киімдерді, әсіресе байлардың алтын зер төгіп тіккен шапандарын осы кезде көруге болады. Ауыл ақсақалы көш бастаса, ер-тоқымына қызыл шұғамен тысталған көпшік немесе кілемше жауып, зайыбы атқа мініп, оның соңынан ереді... Атты, атқа салт мініп жүруді жақсы көретін бұл халық, ең алдымен, көлігінің әбзеліне көбірек көңіл бөледі. Ер-тұрман олар үшін байлықтың белгісіндей болып безендірілуге тиіс. Ердің алдыңғы қасын көбіне күміс қаптатып өрнектейді, тіпті қолы жеткендерінің асыл тас орнататындары да болады. Жүген, өмілдірік, құйысқан - бәрі де шебер өріліп, шығыс үлгісіндегі өрнектермен безендіріледі.