. но ответ не с интернета.

Мен «Білімді жастар – ел болашағы» деген тақырыпта
шығарма жаздым. Шығармамда еліміздің болашағы
білімді жастардың, яғни біздің қолымызда екенін жаздым.
Шығармам 15 сөйлемнен құралды.

Кузнечик0705 Кузнечик0705    1   17.04.2020 15:02    12

Ответы
grachikovaleksei grachikovaleksei  13.10.2020 10:38

Біз Еуразия кеңістігінде орналасқан егеменді елдің бақытты ұрпағымыз.

Және болашақ біздің, яғни білімді жастардың қолында. Елбасымыз «Болашақтың кілті – жастардың қолында», «Ел ертеңі – білімді ұрпақ», «Тәуелсіздіктің мызғымас тірегі - жастарымыз» деп ылғи бастама көтеріп, жастарға көп қолдау көрсетіп, үлкен сенім білдіріп келеді. Әрине, біз егемен елдің егесіміз, қазақ деген ғажап халықтың ұлттық намысымыз, «ойы дауыл, сезімі аспан, тек жеңіспен көзін ашқан» жалынды жігеріміз, айбынды айбатымыз, қажырлы қайратымыз бар, көзімізде от ойнаған, білім деген сарқылмас бұлақтың суын қанып ішіп, биіктерге бойлаған тәуелсіз елдің тірегіміз.

      Елін сүйген біздей өскелең ұрпағы бар елдің ертеңі айқын, келешегі кемел, болашағы жарқын. Біз жастар- жалпыға ортақ еңбек қоғамын құра аламыз. Елбасының жастарға жүктеген мақсат-мүдделерін жүзеге асыруда туған жерімізге,тұрған елімізге ерен еңбек атқаратынымызға сенімім мол. Мен болашаққа сеніммен қараймын. XXI ғасыр ұрпақтарының атынан әлемге жар салғым келеді: «Біз- Мағжан сүйген жастармыз»!

Объяснение:

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Қазақ тiлi