Әнет бабаның жеті сауалга берген жауабы

avdzhrr avdzhrr    1   15.09.2020 19:56    4

Ответы
MikiMio MikiMio  15.10.2020 22:04

Әнет бабадан тағы бірде Күлтөбеге жиналған ел: - Баба дүниеде не арсыз, не ғайып, не даусыз, не қадірсіз; не тәтті, не күшті, не жаман? - деп жеті сұрақ қойыпты. Сонда баба жеті сауалға үш-үпгген жұптап былай деп жауап беріпті:

Үш арсыз бар. Олар мыналар: ұйқы арсыз, тамақ арсыз, күлкі арсыз.

Үш ғайып бар. Олар мыналар: ажал ғайып, конақ ғайып, несібе ғайып.

Үш даусыз бар. Олар мыналар: мінез даусыз, көрілік даусыз, ажал даусыз.

Үш қадірсіз бар. Олар мыналар: жігіттік қадірсіз, денсаулық қадірсіз, әйел қадірсіз. "Қадірсіз" дегенде, бұл жерде, Әнет баба, а жас уағында осы үш асыл нөрсенің қадірін білмейді, ее тоқтата келе өкінеді дегенді айтып отыр.

Үш тәтті бар. Олар мыналар: жан тәтті, мал тәтті, жар тәтті.

Үш күшті бар. Олар мыналар: ақыл күшті, жүрек күшті, тіл күшті.

Үш жаман бар. Олар мыналар: нақақ қан төгу, кісі малын нақақ алу, ата-бабадан қалған ескі жұртты бұзу. Міне, бұдан сақ болыңдар, - депті.

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Қазақ тiлi