Өнер жолында Өнер жолына түскен отызыншы жылдардың орта кезінен бастап тыңдаушысын әсем
дауысымен, актерлік шебер өнерімен баурап алған үлкен өнер дарын иелерінің бірі - Қазақ
КСР халық әртісі Кәукен Кенжетаев. 1936-1941 жылдары Мәскеу консерваториясы
жанындағы қазақ студиясында оқыған ол сұрапыл соғыс кезінде Хабаровскідегі шегарашылар
ансанблінде қызмет етті. К.Кенжетаев - 1946 жылдан бастап Қазақтың Абай атындағы
мемлекеттік опера және балет театрының солисі. Осы театр сахнасында өткен қырық жылдың
ішінде талантты әнші әр қырынан танылып, небір күрделі рөлдерді атқарды.
К.Кенжетаев көп жыл режиссерлік қызметпен де айналысты. Ол халық әндерін, халық
композиторлары мен қазіргі қазақ сазгерлерінің туындыларын насихаттауға да зор үлес қосты.
1957 жылдан бері бірсыпыра кинофильмге түсті.
Кәукен кинода жиырмаға жуық рөлде ойнады. Солардың ішінде ерекше аталатындары -
“Ел басына күн туса” фильміндегі Бауыржан Момышұлының, “Мәншүк”фильміндегі
Мәншүктің әкесінің, “Тұлпардың ізіндегі” шопанның әкесінің, “Гауһартастағы” ақсақалдың
рөлі. Әрине, айрықша ауызға алатын - “Қыз Жібек” фильміндегі Төлегеннің әкесі Базарбайдың
бейнесі.
Ел Президенті Алматыдағы опера және балет театры ғимаратының қайта жөнделіп
жатқанын көруге келді. Сол жерде өнер қайраткерлерінің үлкен тобы Елбасымен кездесіп,
әңгіме-сұхбат жүргізді. Сонда Елбасы Кәукеңе ерекше ілтипат көрсетіп, жағдайын,
денсаулығын сұрады. Қазыналы өнердің серкесі Кәукен аға Мәдениетті қолдау жылында
“Отан” орденімен марапатталды.

2-тапсырма.
Берілген мәтіннің баяндау желісін сақтап, әр бөлігінен алынған ақпараттардан жинақы мәтін
жазу.

милая101 милая101    2   27.04.2021 07:05    1

Другие вопросы по теме Қазақ тiлi