Өнер әлемі эссе надо написать эссе, 7-8 предложений ​

BARBARIC5665 BARBARIC5665    3   02.03.2020 12:47    20

Ответы
Horoshist2287 Horoshist2287  11.10.2020 16:29

Әрбір адамның жүрек түкпірінде бір сиқыр бар секілді. Бұл ғажайып сырға толы сандықта неше түрлі армандар, мақсаттар бар десеңші! Ал бұл сандықтың ең түбінде немесе кейде жарық жұлдыздай алға шоқ етіп шығатын бір нәрсе бар. Бұл не деп ойлайсыздар?

Бұл тамаша нәрсенің аты- өнер. Өнер – әр адамның бойындағы белгілі бір құдірет күші секілді. Кейде өмірден түңілген кездерде немесе көңіл-күй түсіңкі болған жағдайларда, қолыңа гитара алып, бір шерткеннің өзі, сол басыңнан өткен көптеген ауыр кезеңдерді титтей болса да ұмытуға мүмкіндік береді. Ал оның өзі қандай керемет дүние. Адамның бойындағы дарын, талант деген осы ғой, шіркін Бірақ өнер ол теке қана белгілі бір аспапты игере білу дегенге шектеліп қалмау керек, өнер – жан- жақты болады. Адамгершілік қасиетті сақтап жүру, адамдармен жақсы қарым-қатынаста болудың өзі, тіпті ауыр хабарды біле тұра, өзге жанға жеткізудің өзі – өнер. Сондықтан да өнер – менің өмірімнің үлкен бір бөлігі деп білемін. Өнерлі адам- өрге жүзеді, - демекші, өнердің құдіреттері арқылы әрқашанда биік шыңдарды бағындыратынымызға еш күмән жоқ екенін ұмытпаңыздар!

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Қазақ тiлi