Өнер-білім бар жұрттар Тастан сарай салғызды.
Айшылық алыс жерлерден
Көзіңді ашып-жұмғанша
Жылдам хабар алғызды.
Аты жоқ қур арбаны
Мың шақырым жерлерге
Күн жарымда барғызды.
Адамды құстай ұшырды,
Мал істейтін жұмысты
От пен суға түсірді.
Отынсыз тамақ пісірді,
Сусыздан сусын ішірді.
Теңізде жүзді балықтай,
Дүниені кезді жалықпай.
Білгендерге осылар
Бәрі дағы анықтай,
Білмегенге танықтай.
Біз де бекер жатпалық,
Осыларға таныспай.
Ат өнері білінбес,
Бәйгеге түсіп жарыспай.
Желкілдеп шыққан көк шөптей
Жаңа өспірім достарым,
Қатарың кетті-ау алысқа-ай,
Ұмтылыңыз, қалыспай!.. деректі дерексіз табу​

89538277266 89538277266    3   20.01.2021 11:31    1

Другие вопросы по теме Қазақ тiлi