Ne,
сырма. Мәтінді түсініп оқы.
АПАМ МЕНІҢ
Апам менің...
Менің апам - Қолы алтын, құдіретті әйел еді. Қазақта осындай мықты,
алды ұлы әйелдер болғаны қандай жақсы! Ертеректе қазақ әйелі не істеу
рек болса, түгел апамның қолынан келетін.
Үлкен әпкем - Шолпан тұрмысқа шықты. Әпкемнің жасауын апам өзі
айындады. Бір айдың ішінде жіп иіріп, оюлап сырмақ жасады, киіз басты.
скиіз бен құрақкөрпе тікті.
Апам менің...
Жаз өтіп, қылышын сүйретіп қыс келді. Орман-тоғай, тау-тас аппақ. Ал-
тай өңірінің әрі жүдеу, әрі көңілді шағы туды. Апам қарағайдың қабығы-
на бояған қызыл тонымды киіп, ойнауға шығамын. Қолыма былғары қол-
ғабымды, тымағымды, ақ пимамды киемін. Шанамды сүйреп шығамын.
Қайыңды иіп, шанамды да апам істеп берген. Сонда Әңгiштайдың өзім
секілді бар баласы маған қызыға да қызғана қарайтынын, жағымсып мені-
мен дос болғысы, менімен ойнағысы келетінін біліп, танауымды шүйіремін.
• Мәтінді ойбөліктерге бөл.
• Әр ойбөлікте не туралы сөз болғанын айт.
• Мәтінге тағы қандай тақырып қояр едің?
. Не себепті? перевод