НАЗОВИТЕ ЭТОТ ТЕКСТ Әуелде араб жиһанкездері Отырарды «Фараб» не «Бәрәб» деп жазып
жүрді. Отырарды қазір ғұлама, өнерпаз, көріпкел, сәуегей, зергер мекен
етеді. Шаһарды екі жүз мыңдай халық мекендейді; көшесінде сан жүздеген
тасболат там, жәдігер, кешендер бар; монша, мешіт, саудахана, қышхана,
гүртхана, әсем әуiздер, қорған мен соқпақтар бар.
...«Жәдігер» деген тастан салынған ымырат, «дің үй» деген түрі
киіз үй тәрізді күмбездеп салынған мекен, бұл екі құрылыс та шаһардың
орталық көшесінде көп кездесетін.
Үй тас пен кешендерді көбіне диқандар мекендейді. Қаланың шет-
кі көшелерінде тасболат тамдар көп ұшырасады, тасболат тамдар киіз үй
секілді дөңгелек емес, төрт бұрышты не қоржынды етіп салынған. Үйлерінің
қабырғасы әрқилы әсем қыштан қаланған, оларға тән тұрақты құбылыс
есіктерінің біркелкі түстікке қарап тұруы еді. Тасболат тамдарды ұсталар,
қолөнершілер, тоқымашылар жайлайды.
Д. Досжан
ЖАЗЫЛЫМ​

genЕsis genЕsis    2   03.02.2021 11:34    4

Другие вопросы по теме Қазақ тiлi