Найти все прилагательные Тараздың бойтұмары
Тараз — Талас өзені бойында орналасқан
тарихи қала. Ол V ғасырға дейін салынған.
2000 мың жылдық тарихы бар Тараздың өзіндік
тарихы бар. Оның даму жолдарының құпиясы
мен сыры көп,
Әр қаланың өзінің ерекше бойтұмары
болады. Тараздың бойтұмары — Қарахан
мен Айша Бибі күмбездері, Аңыз бойынша,
Айша Бибі Түркістанда жас батыр Қараханмен
кездеседі. Бірін бірі ұнатқан екі жас үйленуге
келіседі.
Жаугершілік заман болғандықтан, елін,
жерін қорғап шайқаста жүрген Қарахан уәделі
мерзімде Айша Бибіге бара алмай қалады,
Арада біраз уақыт өтеді. Айша Бибі
Қараханның мекені — Тараз қаласына бару үшін
қасына күтушісін ертіп, жолға шығады. Бірнеше
күн жол жүріп, Таразға жетеді.
Қаланың төбесі көрінгеннен кейін өзеннің жағасына тоқтап, сол арада суға түсіп,
біраз демалмақ болады. Күтушісі ас әзірлеуге кіріседі. Салқын суға шомылып, денесі
сергіп шыққан Айша Бибі жұмсақ төсенішке келіп жатады. Ұзақ жолдан шаршаған
жас ару маужырап ұйқыға кетеді. Осы кезде оны даланың улы жыланы шағып
алады,
Денесін у жайлап, тынысы тарылған Айша Бибі дереу Қараханға хабар
бергізеді. Қарахан емші мен молданы алып жеткенде, ару қыз есінен танып жатыр
екен. Қарахан Молдаға Айша екеуінің некесін қиғызады. Содан кейін ол қызды
қолына алып, жаны үзіліп бара жатқан Айшаның құлағына: «Айша, сен енді Бибі
болдың!» — деп үш рет айқайлапты.
Ханның өлі қызбен неке қиғаны басқа еш халықтың тарихынан кездеспейді.
Қайғырып, қан жұтқан Қарахан сүйген жарының денесін жерлеп, басына әсем
күмбез орнатады. Қанша уақыт өтсе де, сол күмбез екі ғашықтың махаббатының
өшпес белгісі болып Тараз қаласының іргесінде әлі тұр.
ЖАЗЫЛЫМ

VikaCat3364 VikaCat3364    1   23.11.2020 09:14    8

Другие вопросы по теме Қазақ тiлi