Найман ,керейіт жалайырлардың қазақстан аумағына қоныстануының себептерін талдау​

yaremhykv04 yaremhykv04    1   02.12.2020 13:14    1

Ответы
vlados22354 vlados22354  01.01.2021 13:22

Қазақстанмен шектескен Моңғолия аумағында пайда болса да бұл ұлыстардың еліміздің шежіресінде өзіндік қолтаңбасы бар

Олар мемлекеттiлiк бастауларына үлес қосты. Найман тайпалар одағы VIII ғасырдың орта кезiнде Ертiстің жоғары тұсы мен Орхон өзенінің аралығында сегiз-оғыз атаумен пайда болған. 

Сегiз-оғыздар Хангайдың батысынан Тарбағатайға дейiнгi жердi алып жатты. Х-ХІІ ғасырдың басында наймандар Ляо империясына тәуелдiлiкте едi. Керейiттер (керейлер) мен меркiттермен одақтасқан наймандар iрi мемлекетті құрылымға айналды. Наймандар өздерiн қоршаған көшпелi және отырықшы-егiншi этностармен, әсiресе қаңлылармен өте тығыз этникалық саяси және мәдени байланыс орнатты. 

1125 жылы Қидан мемлекетi күйрегеннен кейiн, оның орнынан бiрнеше мемлекеттік бiрлестiктер құрылды. Олардың арасынан жетекшiлiк рөл керейiт хандарының қолына көштi. Керейiттер туралы алғашқы мәлiметтер Х ғасырдың басында кездеседі. Олар Шыңғысхан шапқыншылығына дейінгі кездерде Моңғолия мен Алтай аумағына үстемдiк еткен. Жалайырлар Шыңғыс хан империясының өрлеу кезiне қарай қазіргі Моңғолия жерінің Хилок және Орхон сағасы аймағын мекендеген. Наймандар, керейiттер, жалайырлар құрған ұлыстар — алғашқы феодалдық мемлекеттік құрылымдардың бір көрінісі болып табылады. 

Ұлыс ру да, тайпа да емес, ол рулық-тайпалық институттардан жоғары тұрады. «Ұлыс» ұғымы ол кезде «халық" дегендi бiлдiрген. Ұлыс құрамында қандас туысқан адамдардың болуы мiндеттi емес едi. Әрбiр ұлыс белгiлi бiр аумақты иелендi. 1185 жылы Шыңғыс хан меркiт ұлысын талқандаған соң, кейін керейiттерде оған бағынады. 1190 — 1206 жылдары Орта Азиядағы соғыстар нәтижесiнде найман, керейiт, меркiттердiң бiр бөлiгi елімізге қоныс аударған. Моңғолдардың шапқыншылығынан кейін найман мен керейiт топтары, жалайырлар қазақ хандығының негізін құраған алғашқы руларға айналады. 

Сырдарияға жеткен наймандар, Едiлдегі керейiттердiң бiр бөлiгi өзбек, қырғыз құрамына, ал шағын тобы қазақтар құрамына кiрдi. Екінші бөлігі Солтүстік Қазақстанда қалып, керей (ашамайлы керей, абақ керей) деген атпен Орта жүз қазақтарына қосылды. Үшеуі-де әлеуметтік-саяси дамудың бiр-деңгейiнде тұрды. Бұл мемлекеттерде iс жүргiзу кең таралған. Құжаттар мөр басу арқылы бекiтiлген. Алым-салық жинау, адамдарды қызметке тағайындау құжаттарына мөр басылған. Ұлыстарда хан қосынының (ордасының) басқару органдары, әскерi және жасауылы бар басқару аппараты жұмыс iстегені бүгінгі таңда бізге белгілі болып табылады

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Қазақ тiлi