Найдите существительные Көпшілік бос уақытын қалай өткізуді білмей, кейде «Менің мүлдем бос уақытым жоқ» дейді. «Немен айналысуға болады?» деген сұраққа психологтер: «Өзіңізге ұнайтын ермек іс (хобби) тауып алыңыз», - деп кеңес береді. Олар тек уақытты пайдалы өткізуге ғана емес, денсаулыққа да оң әсерін тигізеді. Олай болса, бос уақытта қандай іспен айналысса болады? . • Қолөнер. Көңілсіздіктен арылтатын іс – тоқыма тоқу. Тоқыма тоқыған кезде өзіңізді жайлы әрі жеңіл сезінесіз. Сондай-ақ, кесте тігу, сурет салу, экибана жасау, бисер тоқу, т.с.с. қолөнермен айналысуға болады. Гүл өсіру. Жер үйде тұратын көп адамдар бос уақытын бау-бақшада өткізеді. Ал көп қабатты үйде балконда шағын бау-бақша жасауға болады. Кішкентай гүл Ыдыстарына қалаған үй өсімдіктерін егіп, оны күтіп-баптауға кірісіңіз. Коллекция жинау. Өзіңізге қызықты дүниелерді жинастырыңыз. Олар: әдеби кітаптар, күйтабақтар, базарлықтар, пошта маркалары, ыдыс-аяқтар, жұмсақ ойыншықтар, т.б. Үй жануарын асыраңыз. Олар: аквариумдағы балықтар, мысықтар, кішкентай иттер, тасбақа т.б. Үй жануарыңызға күтім көрсетіңіз. Блог жүргізіңіз. Ғаламтор беттеріндегі ақпараттық-танымдық порталдарға тіркеліп, блог жүргізіңіз. Өзіңіздің басыңыздан өткен қызықты оқиғаларды, ойларыңызды жазып, өзгелердің пікірін оқыңыз. Әртүрлі форумдарда өзгелермен өз ойыңызбен бөлісіңіз.