Найдите казахский стих с инверсией,

ibg478 ibg478    3   16.06.2019 16:20    1

Ответы
riborg250000000 riborg250000000  13.07.2020 15:20
Күз суреті (Мақсұт Неталиев) 

Сарыала жапырақтар 
Қонады қалқып ұшып. 
Мүлгиді атырап бар 
Жамылып алтын ішік. 
Бу шығып бүйірінен 
Ағады жылға-бұлақ. 
Ақбөкен үйірімен 
Барады Сырға құлап. 
Дәнді алқап жалтылдайды, 
Жайғандай дүзге кілем. 
Жер-Ана ән тыңдайды, 
Аққулар тізбегінен. 
Қайың тұр амал қылып, 
Шық моншақ тағынып ап. 
Сүйеді самал – жігіт 
Қалғандай сағынып-ақ! 
Бұлбұлдар сайрамады, 
Бұтаққа жайғасып жай. 
Дөңгелеп Ай барады, 
Әлемнің айнасындай! 
Тәкәппар тау-шыңдар да 
Өрлейді сүйіп өрін. 
Қызығы таусылған ба, 
Думанды дүниенің?! 

Отан (Мұқағали Мақатаев) 

Отан!! 
Отан! 
Сен болмасаң, не етер ем? 
Мәңгілікке бақытсыз боп өтер ем, 
Өмірден бұл өксуменен кетер ем. 
Құс ұясыз, 
Жыртқыш інсіз болмайды. 
Отансыз жан өмірінде оңбайды. 
Өзін-өзі қорлайды да, сорлайды. 
Тірі адамға – сол қайғы! 
Күн көреді, 
Әкесіз де, анасыз, 
Өмір сүрер. 
Әйелсіз де, баласыз, 
Ал Отансыз – 
Нағыз сорлы панасыз? 
Білесің бе, 
Отанның сен не екенін? 
(Екі өмір жоқ, әрине, жоқ екі өлім.) 
Екі Отан жоқ. 
Жалғыз Отан – мекенің! 

Бірім – бір, 
Екім – екі. 
Үшім – үш, 
Төртім- төрт, 
Бесім –бес, 
Алтым – алты, 
Жетім – жеті 
Сегізім –сегіз, 
Тоғызым – тоғыз, 
Оным –он, 
Он бірім – Оны тапшы ай, күнім? 
Бір деген – белеу, 
Екі дегенің – егеу, 
Үш дегенің – үскі, 
Төрт дегенің – төсек, 
Бес дегенің – бесік, 
Алты дегенің – асық, 
Жеті дегенің – желке, 
Сегіз дегенің – серке, 
Тоғыз дегенің – торқа, 
Он дегенің – оймақ 
Он бір – қара жұмбақ. 
ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Қазақ тiлi