Найдите четыре ключевых слов из текста Төр – қонақ бөлменің жоғарғы жағы. Ол – жасы үлкен адамдар, қонақтар отыратын сыйлы орын. Қазақ үйге келген қонақты «Төрлетіңіз!», «Төрге шығыңыз!» - деп қарсы алады. Көрпе төсеп, жастық қойып, төрге отырғызады, құрмет көрсетеді.
Қазақ халқында дастарғанға үлкендерден бұрын отыру ұят саналады. Себебі алдымен ақ сақалды ата мен ақ шашты әжені сыйлап, төрден орын береді. Үлкен кісілер көпті көрген, сыйлы кісілер. Қзақта «төріңнен қарт кетпесін » деген сөз бар. Себебі қарт тілегін айтып, батасын береді. Төрде қарттар, одан төмен жастар отырады.
Тамаққа да үлкендерден бұрын қол созуға да болмайды. Ол әдепсіздіктің белгісі. Дастарқан басында үлкендермен жарысып сөйлесу де ұят саналады. Қазақ дастарханы дос, бауыр, туыс қана емес, кез келген адамға ашық. Қазақтар бір-бірінің үйіне барып, жиі араласқанды ұнатады. Әсіресе ата-анасын құрметтеп, үйіне шақыру, төрге отырғызу – қазақ баласы үшін әрі міндет, әрі парыз. Өйткені дастарқан – жақсылықтың басы, қуаныштың белгісі.