Найдете все : Тәуелдік жалғау,
Жіктік жалғау

Астанада өткен «Регенерациялық медицина мен сапалы ұзақ өмір сүру» атты екінші халықаралық конференцияда адамның денсаулығын жақсарту арқылы өмірін ұзартатын «Нәр» биоөнімі таныстырылды. – Бүгін көптеген сауалдар «Нәр» биоөніміне қатысты туындады. Иә, осындай биоөнім бізде жасалды. Ол зертханалық сынақтан өтті. Қазіргі уақытта клиникалық сынаудан өтсе де, мен бір ғана биоөнім ұзақ өмір сүру мәселесінің шешімі болып табылмайтындығын баса айтқым келеді. Бұл, біріншіден, денсаулық сапасын жақсартуға бағытталса, ал денсаулық – ұзақ өмір сүру кепілі, – деді Өмір туралы ғылымдар орталығының директоры. Бұл орталықтың мақсаты – жасанды жүректің көлемін кішірейту, адам ағзасының қартаюындағы қабыну мен инфекциялардың рөлі жөніндегі зерттеулерге қатысу, сонымен қатар аурулардың алдын алу және оларды емдеу үшін, қатерлі ісік пен діңдік жасушаларды зерттеу үшін генетикалық тестілеу өткізу.

vanekroland01 vanekroland01    2   09.02.2022 09:00    2

Другие вопросы по теме Қазақ тiлi