Наурыз – табиғаттың қайта түлеп, тіршілік атаулының жаңаратын кезі. Сан ғасырлық
тарихы бар Ұлыстың ұлы күні Орта Азия халықтарының Жаңа жылы саналады.
Наурыз сөзі парсы тілінен аударғанда "жаңа күн" деген мағынаны білдіреді. Қазақ
халқы Наурыз мейрамын күн мен түн теңесетін, жаңа жылдың басталар шағында
тойлаған. Ұлыстың ұлы күнін "Армысың, Әз Наурыз" деп қарсы алған. 21 наурызда Жер
иесі – Қыдыр ата ел-елді аралап, бақыт сыйлайды, бата береді деген наным-сенім бар.
Сонымен қатар, міндетті түрде Наурыз мейрамының дәстүрлі тағамы – Наурыз көже
дайындалады. Наурыз көжеге ең кемі жеті түрлі дәм қосылады. Оған қойдың басы мен
сүр ет салып пісірілуі – қыс тағамымен (етпен) қоштасуды, құрамына ақтың қосылуы –
жаз тағамымен (сүт, ақ) қауышуды білдіреді.
Сұрақтар/Вопросы:
1. «Наурыз» сөзі қандай мағынаны білдіреді?
2. Наурыз мейрамының дәстүрлі тағамы не?
Мәтіннен сан есімдерді тауып жазыңдар.

Дурачок225 Дурачок225    1   25.02.2021 10:27    0

Ответы
Kabesov Kabesov  25.02.2021 10:30

1)Наурыз сөзі парсы тілінен аударғанда "жаңа күн"деген мағынаны білдіреді.

2)Наурыз мейрамының дәстүрлі тағамы-Наурыз көже.Оған жеті түрлі дәм қосылады.Оған қойдың басымен сүр ет салып пісірілуі-қыс тағаммымен қоштасуды,құрамына ақтың қосылуы-жаз тағамымен (сүт,ақ)қауышуды білдіреді.

Объяснение:

Вот

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Қазақ тiлi