Наурыз-көне мейрам. Наурыз мерекесін тойлау дәстүрі дүниежүзі халықтарының көпшілігінің тұрмыс-салтында бағзы замандардан орын алған. Бұл мейрамды ежелгі гректер «патрих», бирмалықтар «су мейрамы», тәжіктер «бәйшешек», «гүлнаурыз», татарлар «нардуған», буряттар «согаан сара», армияндар «навасарди» деп түрліше атаған. Парсы тілдес халықтар Наурызды бірнеше күн тойлаған. Олар ол күндерде әр жерге үлкен от жағып, отқа май құяды. Жаңа өнген жеті дәнге қарап, болашақты болжайды; жеті ақ кесемен дәстүрлі ұлттық көже «сумалақ» ұсынады. Ескі киімдерін тастайды, ескірген шыныаяқты сындырады. Бір-біріне гүл сыйлап, үйлерінің қабырғасына дөңгелек ою – «күн» символын салады. Үйдегі тіреу ағашқа гүл іледі, түрлі жарыстар ұйымдастырады.

1-тапсырма. Мәтінді оқыңыздар. Мәтінде қандай әлеуметтік мәселе орын алған? Ойыңызды мәтіндегі нақты дерекпен дәлелдеп, өз көзқарасыңызды жазыңыз.
2-тапсырма. Берілген етістіктерді есімшеге айналдырып, сөйлем құрыңыздар. Сену, табыну, ұстану, құттықтау, айттау.

3-тапсырма. Оқылым мәтініндегі сан есімдер мен есімшелерді тауып, олардың қолданылу мақсатын түсіндіріңіздер.

4-тапсырма. «Наурыз-ұлттық мейрам» тақырыбына шағын мәтін құрыңыздар.

AliceRosen AliceRosen    1   26.10.2020 07:11    15

Другие вопросы по теме Қазақ тiлi