"Нарынқұм зауалы" – ақын Мұхтар Шахановтың Махамбет Өтемісұлы туралы жазған жыры. Бұл поэма Махамбеттің күрескерлік айбынын, ұлттық болмысын, ақындық тереңдігін, азаматтық парасатын танытатын ілгері шығарма саналады. Поэманың І бөлімі "Махамбеттiң соңғы сөзi" деп аталады. Өлеңнiң сюжет желiсi Махамбеттiң өмiрiнiң соңғы күндерi туралы өрбейдi. Өлеңдегi трагедиялық образ – Махамбет. Ол өзiнiң түсiн айту арқылы ақындық пен батырлықты дәрiптеп, өзiнiң ел болашағына деген зор сенiмiн бiлдiредi. Автор өлеңдi Махамбеттiң өз аузынан сөйлеу арқылы оқырмандардың зор ықыласын айтқан. Мен сенемiн, күнi ертең Пенделiктен тазарар деп ұлы өлкем. Жә, қашанғы баққа зорлық мiнгеспек Сенем, ертең оттыға отсыз күлмес деп. Тек тұлпарлар ғана алатын бас бәйге Есектердiң мойынында жүрмес деп Өлең мазмұнын ерекше тереңдетiп тұрған-антонимдердiң стильдiк қолданысы: бақ пен зорлық; оттыотсыз; тұлпар-есек. Басқалай қолданғанда бұл сөздер бiр-бiрiне қарама қайшы емес, еркiн түрде айтылуы да мүмкiн. Бiрақ ақын бұларды жағымды жағымсыз етiп, эмоциямен ұштастырып көрсету арқылы өз өлеңiн нәрлендiрiп тұр. Туған елiм, Құдiретiмсiң аңсаған Алдан жарқын Күн шыққаным Кескiнiңдi көрмейiншi шаршаған Пасыз ойлар тұншыққанын Дулығаны қақ жарып гүл шыққанша Жер астынан қарап жатар мен саған. "Дулығаны қақ жарып гүл шығу" сәттi қолданылған метафора, яғни жаугершiлiк заман өттiп, бейбiтшiлiктiң келуi. Ақын Махамбеттiң монологы арқылы бүгiнгi күндi жырлап отыр. Махамбет сынды ұлы ақынның тегеурiнiн, қаһары мен ойлылығын бүгiнгi поэзия аспанына жiбек тордай жайып жiберуге ұтылысы бар. Iштей керемет жiгерлi өлең жасаң оптимизмнен, тек жасампаздықтан тұрмайды. Олармен қоса әдемi арман, ойлы мұң, үзеңгi қағыстырып, биiк мақсатқа бастайды, Сөйтiп лирикаға тән алау от пен лап етпе сезiм өмiрi қызуы басылмайтын, алыстан көрiнгенмен еш өшпейтiн “мәңгiлiк отқа” айналды. Ұлы махаббат оттары қосыла жанырасады. Арман мен арман қосылады. Монолог үлгiсiнде көрiнiп отырған ақын сезiмi сенiмге айналып, сенiмi сезiмге ұласып, лирикалық толғаныс тамыры осылайша тармақты жатыр. Өлең шапшаңдық үдемелi жолмен өрiстейдi. "Менiң бассыз қалғандығым сенiң бассыз қалғандығың болмағай", деген сөз түйiнi толғаныс түрiнде ойлану, байыпты бағдарлау сипатын танытса, ең соңғы шумақтарға "Дулығаны қақ жарып гүл шыққанша, жер астынан қарап жатам мен саған" сөздерi арқылы ақын сезiмi шираған, ең жоғарғы нүктеге көтерiледi. Жалпы ақын барлық өлеңдерiнде осы үдемелi әдiстi қолданады.

Объяснение: