«Құнарлы қоныстарды тартып алған отарлау нәтижесінде тұрмысы нашарлап, тығырыққа тірелген ел тағдырын Мұрат Мөңкеұлы тебірене жырлайды» деген ойды әрі қарай аяқтап жаз. Өз көзқарасыңызды дәлелдеуде берілген үзінділерді қажетінше қолданыңыз. 1. Мал менен басты есептеп,
Баланың санын алғаны —
Аңғарсаңыз, жігіттер,
Замананы тағы да
Бір қырсықтың шалғаны!
2. Еділді тартып алғаны —
Етекке қолды салғаны.
Жайықты тартып алғаны –
Жағаға қолды салғаны.
3.Жеті жұрт көшіп кеткен соң,
Атамыз қазақ баласы
Конып, мекен еткен жер.
Мыңнан-мыңнан жылқы айдап,
Жүзден-жүзден нар байлап,
Дәулеті қалың біткен жер.
4.Байдан кетіп, сақауат
Пақырдан кетіп қанағат.
Діні басқа біреулер
Ел биледі аралап.