Напишите вот этот текст на казахском. я не могу найти его в интернете. называется текст: қайырымды түлк

Топовая20171 Топовая20171    1   12.07.2019 21:00    0

Ответы
gfsggstgf gfsggstgf  19.08.2020 09:36
Этот?
Бір мерген бозша құсты атып алды, (Қоймады өлтіріп-ақ жалғыз жанды).Басында бір ағаштың үш баласыШырылдап ұясында жетім қалды.Ана жоқ таситұғын тағам-жемді,Күн көрер бишаралар қайтіп енді?Шулаған балапандар даусын естіп,Сөз сөйлеп осылайша Түлкі келді:«Алда сорлы, бейшара балалар-ай,Жасынан өлген екен аналары-ай.Көбелек, шыбын аулап күн көретінЖоқ екен пақырлардың шамалары-ай.Әй, құстар! Тыңдаңыздар құлақ салып,Кезекпен жем тасыңдар ұшып барып.Үшеуін асырауға қанша қиын,Етіңдер аз күн қайыр бөліп-жарып.Көкек құс! Жүнің түлеп жүр ғой бекер,Азырақ жетім үшін жұлсақ нетер?Қайырдың бұл дүниеде жетімге еткенБасқа іс сауабына бар ма жетер?!Бозторғай! Қарап тұрма сен де текке,Жүресің бекер шырлап ұшып көкте.Даладан, тоғайлардан тамақ ізде,Бұлардың үшеуіне көп керек пе?!Сарымойын! Ер жетті ғой балаларың,Бәледен Құдай сақтар бірер-жарым.Бұлардың күндіз-түні жанында бол,Жоқтатпай сорлылардың аналарын.Қарлығаш! Сен келтірсең маса-шыбын,Бұларға о да қорек болар тығын.Осындай жұрт жабылған сауап іскеҰят қой кіріспесең, жарықтығым.Сандуғаш! Не қылайын сені қайрап,Қоярсың оқтын-оқтын өзің сайрап -Көңілін біраз ғана көтермеккеЗарлының жетім қалған соры қайнап.Достарым! Осындай бір іс етелік,Жастарды жетім қалған кісі етелік.Ізгілер орманда да бар екенінОсындай сауап іспен көрсетелік!»Тұрғанда Түлкі сөйлеп сауап жолды,Қайғыға естігеннің көңілі толды.Аштыққа шыдай алмай үш балапан,Ағаштан төмен жерге түсіп қонды.Жұрт жинап жақсы кеңес қылған Түлкі,Зарланып жетімді аяп тұрған ТүлкіАузына үшеуін де қағып салды -Өзі екен нағыз Құдай ұрған Түлкі.                    * * *Жеп қойды құстың жетім балапанын,Қорықпай-ақ обалынан Түлкі залым.Қарасақ, ел ішінде аз ба адамдарЖеп жүрген обалсынбай жетім малын?Пана боп, өзің сақта, Құдіретім,Кім де кім балапандай қалса жетім.Жұмсақ тіл, көңілі қатты залымдардыңЕте көр жетімдерден аулақ бетін!
ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Қазақ тiлi