Дүбірлі дода басталды, Өрендерім, барып кел, Сайысқа түсіп, намыстың отын жағып кел! Үкілеп қосып бәйгеге, Үмітін артқан еліңе Жеңісті жұлып алып бер!
Бойыңда қайрат тасытып, Қарсыласты жасытып, Бұла күшті жайсаңдарды танып көр. Күш пенен өнер жетерлік Қазақтың туын көтеріп, Алтыннан алқа тағып кел!
Басталды бәйге, бауырым, Тимесін жерге жауырын, Жер шарындағы желпінтіп қазақ қауымын! Танысын әлем, мойындап Жеңудің мүмкін емесін Сайын дала мен тау ұлын!
Бата алдың халқыңнан, Алқа тақ күміс, алтыннан Сал күшіңді, айнал бір сәт намысқа! Әнұранды қалқытып, Жеңіс туын жалқы тік Жан алысып, жан беріскен сайыста!
Бәйгеге түсер шағыңда, Нық сеніммен адымда, Қара орман халқың өкініп «қап!» демейік! Желбіресе туымыз, Қалықтаса әніміз, Бұл – еліңнің, бар қазақтың мерейі!
Дүбірлі дода басталды,
Өрендерім, барып кел,
Сайысқа түсіп, намыстың отын жағып кел!
Үкілеп қосып бәйгеге,
Үмітін артқан еліңе
Жеңісті жұлып алып бер!
Бойыңда қайрат тасытып,
Қарсыласты жасытып,
Бұла күшті жайсаңдарды танып көр.
Күш пенен өнер жетерлік
Қазақтың туын көтеріп,
Алтыннан алқа тағып кел!
Басталды бәйге, бауырым,
Тимесін жерге жауырын,
Жер шарындағы желпінтіп қазақ қауымын!
Танысын әлем, мойындап
Жеңудің мүмкін емесін
Сайын дала мен тау ұлын!
Бата алдың халқыңнан,
Алқа тақ күміс, алтыннан
Сал күшіңді, айнал бір сәт намысқа!
Әнұранды қалқытып,
Жеңіс туын жалқы тік
Жан алысып, жан беріскен сайыста!
Бәйгеге түсер шағыңда,
Нық сеніммен адымда,
Қара орман халқың өкініп «қап!» демейік!
Желбіресе туымыз,
Қалықтаса әніміз,
Бұл – еліңнің, бар қазақтың мерейі!