Напишите сочинение мен суйекте ажем

miloradovich04 miloradovich04    2   26.08.2019 05:10    1

Ответы
Ksenia5555509877 Ksenia5555509877  05.10.2020 20:26
Менің әжем өте мейірімді, көрікті жан. Мен кішкентайымнан ата-әжемнің қолында өстім. Олар мені адалдыққа, білімге құштар болуға үйретті. Әжем сәл қатаңдау. Әжемнің үнемі біздің қасымызда болғанын қалаймын. Мұңайсам әжеме жеткізуге тырысамын.Мейрамымен құттықтасам, жадырап, масайрап қалады. Әжемнің үлкейген сайын сәл нәрсеге ренжіп қалатынын байқап жүрмін. Сондықтан ренжітпей, қуантуға тырысамын. Сабақтан жақсы баға алсам, бірінші әжем естиді. Қуанады.Менің әжемнің қолынан көп нәрсе келеді. Оның сүйікті ісі — тоқыма тоқу. Ол жас кезінен жүн түтіп, ұршық иіріп, кеудеше, қолғап, т.б. бұйымдар тоқып үйренген. Сол өнерін маған да үйретті. Сонымен бірге іс тіккенді де жақсы көреді. Әжемнің шашы ұзын, бұрымын өзі жақсы қылып өріп алады. Әжемнің сүйікті тамағы — қазақша ет. Оның иісін бұрқыратып өзі асқанды жақсы көреді. Сүйікті сусыны — қымыз, шұбат, шай.

Менің әжем қазақ ауыз әдебиетінін көптеген ертегілер, аңыздар біледі. Кішкентай кезімде өзге әжелер сияқты маған да ертегі айтып ұйықтататын. Ол пайғамбар жасынан бері намаз оқиды. Бізге әрдайым ақыл-кеңесін айтып отырады. Мен әжемді өте жақсы көремін. Асыл әжеме ұзық ғұмыр тілеймін.

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Қазақ тiлi

Популярные вопросы