Напишите сходства биографии əйтекеби и қазыбекби..

adelinathebest adelinathebest    1   07.07.2019 19:30    2

Ответы
polina3510 polina3510  02.10.2020 22:19
ӘЙТЕКЕ БИ
(1644 - 1700)
ӘЙТЕКЕ Байбекұлы (23.03. 1644, Өзбекстан, Қазбибі тауы, Қызылша м. -1700, Өзбекстан, Нұрата ауд. Сейітқұл қорымы) - казақ халқының бірлігін нығайтуға үлкен үлес қосқан атақты үш бидің бірі, мемлекет қайраткері. Әлім тайпасының төртқара руынан шықкан. Әмір Темірдің бас кеңесшісі Ораз қажының бесінші ұрпағы. Бүкіл парсы, өзбек, кырғыз, қазақ, кұрама жұрты "Синесоф буа" (жаны пәк жан) атаған Сейітқұл әулиенің - үшінші ұрпағы. Ә. Қоканға (1622 - 35) хан болған Ақшаның немересі, Самарқан өмірі (1622 - 56) Жалаңтөс баһадүрдің немерелес туысы. Әйтеке бес жасында ауыл молдасынан сауатын ашқан.
Шешендік касиетінің ерте танылуына әкесі Байбек пен Қосуақ бидің айрықша ықпалы тиеді. Алайда жеті жасынан бастап аталары Ақша хан мен Жалаңтөс баһадүр Әйтекені өз тәрбиесіне алады. Ол өуелі Самарқандағы Ұлықбек медресесінде, кейін Жалаңтөс баһадүр салдырған, сән-сәулетімен әйгілі "Тіллә-кари" (Алтынмен апталған) , "Шердор" (Арыстанды) медресесінде оқиды. Дін, құқық, аспан әлемі, жағырапия, тарих, математика пәндерін, араб, парсы, шағатай, өзбек тіддерін меңгеріп шығады. Әйтеке Ақша атасынан ел басқару, елшілік байланыстар жасау жолдарын үйренсе, Жалантөс атасынан әскери қолбасшылық дәстүрлер мен дағдыларға жаттығады. Баланын он екі жасында Жалаңтөс атасы, он бес жасында Ақша атасы дүниеден озады. Әйтеке медресені бітірісімен туған ауылына оралып, әкесі Байбекпен, ұстазы Қосуақпен бірге ел баскару істеріне араласады.
ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Қазақ тiлi