Напишите письмо другу, живущему за границей, о дружбе народов Казахстана. Написание письма Дескриптор) сохраняет структуру письма 2) пишет содержание письма по теме - 3) пишет письмо по правилам орфографии -
на казахском

alinasolnishko21 alinasolnishko21    2   14.12.2020 09:36    2

Ответы
annetalovecamar annetalovecamar  14.12.2020 09:40

Дос деген – киелі түсінік. Көңілі бір, ортақ адамдар ғана бір-бірімен дос бола алады. «Досы жоқ адам – тұзы жоқ тағам», «Өз басыңды дауға берсең де, жолдасыңды жауға берме», «Жаман туған болғанша, жақсы жолдасың болсын», «Досы көпті жау алмайды», «Жолдас көптің олжасы көп» дейді халқымыз. Жақсы дос ағайын-туыстан да жақын болып кетеді. Өйткені өзін шынайы дос санайтын адамның көңілі кіршіксіз келеді. Досына деген пейілі ақ, көңілі пәк болады.

Достар – бір-біріне ұқсас жандар. Бір-бірін толықтыратын, бір-бірінің кемшілігін жауып тұратын адамдар. Соның арқасында екеуінің де кемшілігі көрінбей қалады. Ойы мен санасы бір, көзқарасы мен пікірі ортақ жандар да бір-бірімен дос болуға бейім келеді. «Дос – көңілдің күмбезі» деп айтылатыны содан. Орыс халқында «досыңды әкеп көрсет, сонда сенің кім екеніңді айтамын» деген нақыл бар. Яғни, көңілі мен пейілі ортақ жандар ғана бір-бірімен дос бола алады. Олардың қызығушылығы да, ойы да бір. Соның арқасында жолдас, туыстас болып кетті. Мұны халқымыз «екі жақсы қосылса, өле-өлгенше дос болады» деп бір ауыз сөзбен жеткізген.

Дос, әсіресе, қиындықта сыналады. «Жаман дос жауыңмен бірге шабады» дейді халқымыз. Жаман дос – көлеңке дейді, яғни, басыңда күн барда қашып құтыла алмайсың, бұлт төнсе, іздеп таба алмай қаласың. «Біреу жаныңа жолдас, біреуі малыңда жолдас» дейді. Біреулер мал-дүниең мен қолыңда бар нәрсе қарап, дос болады. Мұндай достық ұзаққа бармасы анық. Ал шынайы жаныңа дос болатын адамның достығы да, бауырмалдығы да өміршең. Сыналар кезде, сыналады. Шыңдалар кезде, шыңдала

Объяснение:

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Қазақ тiлi