Напишите небольшую статью на тему Казахстан независимое государство

lizаveta1998 lizаveta1998    3   01.03.2021 13:41    0

Ответы
AmooQ AmooQ  01.03.2021 13:50

Қазақстан-тәуелсіз ел.Сол тәулсіздік жолында қазақ бабам не көрмеді десеңізші?! "Тамырсыз ағаш,тарихсыз халық болмайды"демекші, қазақ елінің азаттық,бостандық жолындағы тарихына бір сәт көз жүгіртіп өтетін болсақ, басынан қаншама қиын-қыстау ауыр сәттерді өткіздігін көреміз.Тәуелсіздік бұл – әрбіріміз үшін қасиетті ұғым. Біз бақытты ұрпақпыз. Өйткені, біздің ата-бабаларымыз, келешек ұрпақ үшін деп, яғни мына сіз бен біз үшін елімізді, жерімізді қорғау жолында қасық қаны қалғанша аянбай, күресті. Кезінде сонау зар заман ақындары мен жыраулары еркіндікті, теңдікті аңсап жырға қосты. Осы тұрғыдан алғанда Тәуелсіздіктің қадір-қасиеті арта түсері сөзсіз. Тәуелсіздік бізге Алланың берген ең үлкен сыйы. Бүгінде біздің жер бетіндегі барлық дербес мемлекеттер сияқты біздің елдігімізді айғақтайтын Елтаңбамыз, Туымыз, Әнұранымыз бар.

Объяснение:

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Қазақ тiлi