Напишите на одну из тем эссе.


Напишите на одну из тем эссе.

lerakycher2001 lerakycher2001    2   14.03.2021 21:33    1

Ответы
dum3 dum3  13.04.2021 21:36

Әйел, ана, арулар тақырыбына арналған Ғабит Мүсірепов шығармаларының ішіндегі ең көлемдісі де, көрнектісі де – «Ұлпан» романы. Өзінің бар ерекшелігімен, көркемдік бітімімен, романда көрінетін Ұлпан тек қана жазушының өз шығармашылығы емес, бүкіл қазақ әдебиетіндегі оқшау тұрған әдеби бейне. Жеті мың бетке жуық қолжазба, жазу кітапшаларын қалдырған Леонардо да Винчиге еліктеген қазақтың сөз зергері Ғабит Мүсірепов қойын дәптеріне "Менің Джокондам – Ұлпан" деп жазған екен. Сондай-ақ қаламгер "Тұтқын қыз" атты кітабында былай дейді: "Ұлы суретшімен жарысқа түстім десем, оным барып тұрған астамшылық болар еді. Мен онша ақымақ болмасам керек. Әрбір жазушының ойында әр кезде өзімен бірге жасасып, толыға түскен бейнелері болу керек. Менің ойымда Ұлпан 40 жыл бірге жасасып жүрді. Мен ол бейнені әр қырынан көрсетуге тырыстым – ойы, сезімі, сырт суреті, жас кезі, есейген кезі, мінезі, мейірімі т.б. Джоконда да маған мұңайыс пен жымию сиқыры сияқты елестейді. Мен сиқырға бара алмадым, кәдулігі тірі әйел бейнесін жасамақ болдым. Горькийдің бағытын ұстадым. Ұлпанда романтизм бар деп те ойлаймын. Орыс сыншылары Ұлпан бейнесінде аңыз бар десті. Мен жоқ деймін. Ұлпаннан бірнеше ғасыр бұрын өткен Абай, Қарқабат, Ақкелің, Домалақ ене, тағы басқа да рулы елге ұран болған әйелдеріміз болған ғой!" деп жазады.

Объяснение:

1 тема

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Қазақ тiлi