, напишите эссе на тему Заңды білу – заман талабы» тақырыбына жазбаша мәтін құраңыз. (Мәтін көлемі 100-110 сөз)

liza345789 liza345789    1   23.11.2021 08:55    3

Ответы
KIRAERM KIRAERM  23.11.2021 09:00

Заңды білу – заман талабы.

Әрбір адамның өз құқығын бес саусағындай жақсы білуі, қоғамда болып жатқан әрекеттердің заңға қарама-қайшылығын немесе сәйкестігін сараптай алуы оның құқықтық сауаттылығымен тікелей байланысты.

Азаматтардың басым көпшілігі өз құқығын жете білмесе де, оны білуге аса қызығушылық танытпауда.

Заман ағымына сай заңдар жүйесіне де өзгерістер енгізіліп тұрады. Адамдар да осы ағымнан қалмай, қатар жүруге үйренуі тиіс. Себебі, біздің өз құқығымыз бен заңды жетік білуімізден жауапкершілігіміз туындайды. Әрине, барлық адамның заң баптарын жаңылмай айта алуы шарт емес. Десек те, адамның өмірі мен қызметіне қатысты құқықтық-заңдық сауаттылығының тым төмен болуы оны талай бас ауыртар мәселемен бетпе-бет жүздестіруі мүмкін.

Құқықтық білімнің керек емес жері жоқ. Қайда барсаң да алдыңнан құқық саласына қатысты мәселе көлденең шығады.

Бар болғаны өз еліміздің заңдарын күнделікті оқып біліп жүру. Әр үйде, әркімнің қызмет орнында «Қазақстан Республикасының Конституциясы» деген кітап міндетті түрде болу керек деген ойдамын.

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
agasan420 agasan420  23.11.2021 09:00

ответ:Заң өте керек нәрсе. Заңсыз қалалар болмайды. Ал ең бірінші заңды үш бей шығарды.

Объяснение:

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Қазақ тiлi