Әзілхан Нұршайықов 1922 жылдың 15 желтоқсанында бұрынғы Семей облысы Жарма ауданының Ақбұзау ауылында дүниеге келген. Ауылдағы орталау мектепті бітіргеннен кейін, Алматыдағы Тау-кен институтының жұмысшы факультетінде, Семейдегі Абай атындағы қазақ педагогикалық училищесінде, одан кейін педагогикалық институтында оқыды. Ұлы Отан соғысына қатысқан. Соғыс кезінде жазушы‑майдангердің өлеңдері, әскери әңгімелері мен очерктері майдандық, республикалық және облыстық газет беттерінде жиі басылып тұрды.
Қазіргі қазақ әдебиетінде, сөз жоқ, елеулі, татымды туындылар бар. Олар оқушының кырағы көзінен қағыс қалып жүр деп айта алмаймыз. Сондай жаңа шығарманың біреуін біз де сөз еткелі отырмыз. Ол — белгілі жазушы Әзілхан Нұршайықовтың «Ақиқат пен аңыз» («Жазушы» ба жыл) атты романы. Жазушылық жолын очерктерден бастаған, бұл салада бірнеше кітап шығарып, жұрт көзіне тұскен Ә.Нұршайықов кейінгі жылдарда романға қол ұра бастады. Оның «Махаббат, қызық мол жылдар» деген романы оқушы қауымның ілтипатына бөленіп, әйгілі кітаптардың біріне айналды