Напиши мне сочинение на казахском языке мен оз ултымды мактап етемын

venyast56oxem2g venyast56oxem2g    2   07.06.2019 23:20    3

Ответы
Владимир328 Владимир328  07.07.2020 12:30
Мен өз халқымды сүйемін. Оның мені бала кезімнен сабыр мен парасатқа баулығанын мақтан тұтамын. Басымды иемін!
 Кез келген халыққа бәрінен бұрын асқақ рух керек.
 Садағаң кетейін, айналайын халқым! Сенің мүддең жолында бойдағы қуат, ойдағы нәрдің бәрін сарп етуге бейілмін.
 Мен өз халқымның көнбеске көніп, шыдамасқа шыдай білетін төзімділігіне қайран қаламын. Мәңгіліктің қатыгез тасқыны біржолата мүжіп, біржолата үгіп, біржолата шайып әкететіндей талай қилы кезең тұсында қиналса да, аман қала алыпты.
 Ең бастысы, тату-тәтті ынтымағы жарасқан көп ұлтты халқымыз бар. Ел дегенде, жер дегенде — білегін сыбанып, іске дайын тұрған азаматтарымыз бар. Сан ғасырлар бойы талай теперішті көрсе де, жайсаң жанын, әсем әнін, күмбір             күйін, әдемі әдет-ғұрпын, таза тілін сақта­ған ұлтымыз бар. Міне, біздің басты байлығымыз — осы.
 Мен өз халқымның жолында басымды бәйгеге тіккен адаммын.
ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Қазақ тiлi