Написать текст на казаxском на тему күн

lyagaeva87 lyagaeva87    1   19.09.2019 01:10    0

Ответы
elenamatveeva3 elenamatveeva3  16.08.2020 18:27
Күн — Күн жүйесінің орталық денесі, Жерге ең жақын жұлдыз. Күн – спектрлік класы G2V, абсолют жұлдыздық шамасы +4,83 болатын сары ергежейлі жұлдыз. Ол біздің Галактика центрінен 9 – 10 кпк қашықтықта орналасқан. Жақын жұлдыздармен салыстырғанда Күн 1,97х104 м/с жылдамдықпен Геркулес шоқжұлдызы бағытында қозғалады; Галактика центрін 230 млн. жылда бір рет айналып шығады. Бүкіл күн жүйесі массасының 99,866%-ы Күнде жинақталған. Жерден Күнге дейінгі орташа қашықтық 1,4961011 м.

Күн – қызған газды шар (центріндегі температура 107 К, тығыздығы 105 кг/м3). Күн ішінде өндірілетін энергияның орташа мөлшері 1,8810–4 Вт/кг. Күннен Жер орбитасы бірде алыстап, бірде жақындауына байланысты Күннің көрінерлік радиусы жыл бойы өзгеріп отырады. Күннің активтілігімен байланысты болатын магнит өрісінің кернеулігі Күн дақтарында 100 кА/м-ге жетуі мүмкін. Күнде өте кең тараған элемент – сутегі. Оның атомдарының санынан гелий атомдарының саны 7 – 8 есе аз, ал қалған өзге элементтердің саны сутек атомдары санынан 1000 есе аз. Күн құрамында басқа элементтерге қарағанда оттек, көміртек, азот, магний, кремний, темір басымырақ. Күннің тікелей бақылауға келетін сыртқы қабаттары, оның атмосферасын қалыптастырады.
ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Қазақ тiлi