Нан — Аллатағаланың а сыйлаған ең ардақты тартуы. Қай тағамды алмаңыз, бәрі де нанмен дәмді, нанмен ғана қуатты. Ол біздің алдымыздағы дастарханға келгенше, қаншама маңдай тер төгіледі. Мұны дихан ғана біледі. Сондықтан, нанды қорлауға ешкімнің де қақы жоқ. Алтының тасып, ақшаң көп бола берсін. Бірақ, оған сатып алатын нан болмаса, байлықтың ешбір мәні болмайды. Нан — ешнәрсемен тең келмейді. Оның құнына баға жетпейді.