Написать сочинение на тему: моя любимая телепрограмма, на казахском языке до завтрашнего ! 10 предложений хватит)) а передачу можно взять, например "квартирный вопрос" буду !

Sashok1252535 Sashok1252535    3   02.06.2019 04:10    0

Ответы
aselimsovetova aselimsovetova  01.10.2020 16:54
Мен теледидар көруді кіші кезімнен бастап ұнатамын. Өз бөлмеңде отырып, басқа жерге саяхаттай алу қандай керемет! Маған ұнайтын телебағдарламаға тоқталатын болсам, ол "Пәтер мәселесі". Бұл бағдарламаның басты мақсаты - пәтерлерді жөндеу және пәтер иелерін таң қалдыру. Анам дизайнер болғандықтан ба, білмеймін, бұл іске деген құштарлығым бар. Қандай түс қандай бөмеге келеді, қандай жас аралығында, қандай бағаға деген сұрақтарға жауапты жаңағы телебағдарламадан таба аласыздар. Менің болшақтағы армандарымның бірі - дәл сол бағдарламадағыдай адамдардың үйлерін әрлеп, оларды қуанту. Әсіресе, мен бұндай жақсылықты ауылды жерде тұратын, ақшасы аз және жастары үлкен азаматтарға жасаушы едім. Қаладағы адамдардың дизайнер жалдауға мүмкіндігі болса, ауылдағы адамдардың ондайға көбінесе ақшасы жете бермейді. Сол себептен, ол кісілерге қол ұшымды беріп, әлеуметке пайдалы іс-шарамен айналысқым келеді. 
ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Қазақ тiлi