БАҒДАРШАМ, — жарықпен белгі беру арқылы көшедегі, автомобиль жолы мен темір жолдағықозғалысты реттеуге арналған құрылғы. Ол белгі беру тәсілдеріне қарай: түрлі түсті Бағдаршам (жарығы жасыл, сары және қызыл түсті, ал темір жолда бұларға қосымша көгілдір және ақ жарық), позициялық Бағдаршам (бір түсті жарық) және құрама Бағдаршам болып ажыратылады. Алғашқы Бағдаршам типтес құрылғы 1868 жылы Лондон көшелерінде, үш түсті электрлік Бағдаршам 1918 жылы Нью-Йоркте, 1930 жылы Мәскеуде орнатылған. Темір жолында 20 ғасырдың басынан бастап қолданылды. Бағдаршам белгі санына қарай 1 — 5 секциялы болады. Бағдаршам іске автоматты түрде не қолмен қосылады.