Айыр құйрық, ақ көңіл, адал құсым, Жеттің бе туған жерге, аманбысың?! Біз жолықтық салдық та араға қыс, Айналайын, қарлығаш – қара ала құс! Жем іздеп, дала кездің, қия шалдың, Босағаға берік қып ұя салдың, Өзіңе құмар бала, құштар мекен. Самғаудан саған жетер құс бар ма екен?! Ұшып ең едел-жедел, жер бауырлап, Қара бұлт көкжиекке келді ауырлап. Қонбай-ақ, су ұрттайсың көл бетінен, Кербездік көрем дене-келбетіңнен.