Өзiнiң 75 жылдық мерейтойы аясында Ж.Шанин атындағы облыстық қазақ драма театры көрерменнiң көзайымына айналар қандай жаңа шығарма сахналайды екен деп көптен күткен күптi көңiл орнына түскендей болды. Бейсенбi күнi театр сахнасында драматург Д.Исабековтiң «Мұңлық-Зарлық» лиро-эпостық драмасының премьерасы аншлагпен өттi. Бұлай болатын да жөнi бар. Өйткенi Арыс ауданының Жиделi ауылында моласы жатқан «Мұңлық-Зарлық» эпосы оңтүстiк жұртының ғана емес, бар қазақтың рухани қазынасы. Көрермендердi тебiренiске түсiрген қойылым соңында үлкен қошеметпен сахнаға көтерiлген жазушы Дулат Исабеков: – Қазақта кейiпкерлерiнiң моласы бар екi-ақ жыр бар. Олар Аягөздегi Қозы Көрпеш пен Баян сұлудың және осы Арыстағы Мұңлық-Зарлықтың қабiрi. Нұрғали Сәдуақасұлының өтiнiшiмен осы iстi қолға алып, алдымен анимациялық фильмнiң сценарийiн жаздым. Шығарманың жұрт көңiлiнен шыққанына тебiренiп тұрмын. Мұхтар Әуезовше айтқанда, дән ризамын, – дедi. Облыс әкiмi Нұрғали Әшiмов режиссер Асқар Алтынбековтi сәттi еңбегiмен құттықтап, «Оңтүстiкте «Мәдени бағдарлама» аясында жақсы жұмыстар iстелiп жатқанына қуаныштымын. Күнi кеше «Сапа олимпиадасы» атты анимациялық фильм республика жұртшылығын мойындатты» деп пiкiр бiлдiрдi. Жалпы А.Ниязовтың басқаруындағы мәдениет саласында елдiң жылы пiкiрiн туғызған бiрқатар жаңашылдықтар бар. Қаланың қадiрлi қариясы Әдiлхан Сұлтанбековтiң «Көптен берi рухани аштықта жүрген едiм. Мiне, Дулат Исабеков пен шаниндiк әртiстердiң шеберлiгiне сусындап, халқымыздың тарихын көз алдымызға елестеттiк. Халқымызда осындай iнжу-маржан барына қуанып тұрмын. Облыс басшылары кеше зиратының басына барып құран оқытыпты деп естiп, сауапты iстердiң атқарылып жатқанына сүйсiндiм» деген тебiренiсiн түсiнуге болады.
Бейсенбi күнi театр сахнасында драматург Д.Исабековтiң «Мұңлық-Зарлық» лиро-эпостық драмасының премьерасы аншлагпен өттi. Бұлай болатын да жөнi бар. Өйткенi Арыс ауданының Жиделi ауылында моласы жатқан «Мұңлық-Зарлық» эпосы оңтүстiк жұртының ғана емес, бар қазақтың рухани қазынасы.
Көрермендердi тебiренiске түсiрген қойылым соңында үлкен қошеметпен сахнаға көтерiлген жазушы Дулат Исабеков:
– Қазақта кейiпкерлерiнiң моласы бар екi-ақ жыр бар. Олар Аягөздегi Қозы Көрпеш пен Баян сұлудың және осы Арыстағы Мұңлық-Зарлықтың қабiрi. Нұрғали Сәдуақасұлының өтiнiшiмен осы iстi қолға алып, алдымен анимациялық фильмнiң сценарийiн жаздым. Шығарманың жұрт көңiлiнен шыққанына тебiренiп тұрмын. Мұхтар Әуезовше айтқанда, дән ризамын, – дедi.
Облыс әкiмi Нұрғали Әшiмов режиссер Асқар Алтынбековтi сәттi еңбегiмен құттықтап, «Оңтүстiкте «Мәдени бағдарлама» аясында жақсы жұмыстар iстелiп жатқанына қуаныштымын. Күнi кеше «Сапа олимпиадасы» атты анимациялық фильм республика жұртшылығын мойындатты» деп пiкiр бiлдiрдi. Жалпы А.Ниязовтың басқаруындағы мәдениет саласында елдiң жылы пiкiрiн туғызған бiрқатар жаңашылдықтар бар. Қаланың қадiрлi қариясы Әдiлхан Сұлтанбековтiң «Көптен берi рухани аштықта жүрген едiм. Мiне, Дулат Исабеков пен шаниндiк әртiстердiң шеберлiгiне сусындап, халқымыздың тарихын көз алдымызға елестеттiк. Халқымызда осындай iнжу-маржан барына қуанып тұрмын. Облыс басшылары кеше зиратының басына барып құран оқытыпты деп естiп, сауапты iстердiң атқарылып жатқанына сүйсiндiм» деген тебiренiсiн түсiнуге болады.