Написать про елтаңбай по казахскому языку

KIrito5016 KIrito5016    1   25.08.2019 19:20    0

Ответы
2345678234567 2345678234567  05.10.2020 19:27
Мемлекеттің ресми эмблемасы болып саналатын айырым белгісі. Иесінің тарихи дәстүрін білдіретін нышандық маңыздар беріліп, айшықтар мен заттарды өзара үйлестіру арқылы көрінеді. Елтаңба туларға, мөрлерге, монетаға, архитектуралық құрылыстарға, өнер туындыларына, қолжазбаларға, кітаптарға және т.б. бейнеленеді. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы, көгілдір түс аясындағы шаңырақ, (киіз үйдің кұмбез тәрізді жоғарғы бөлігі) түрінде бейнеленген, одан жан-жаққа аңыздардағы жылқының қанатымен жиектелген күн сәулесі түріндегі уықтар (тіреуіштер) шаншылған. Елтаңбанын төменгі бөлігіне - «Қазақстан» деген жазу жазылған. Шаңырақ. - елтаңбаның жүрегі. Шаңырақ өз нұсқасымен Ошақ, Әлемнің тұтастығын бейнелейді. Шаңырақ — мемлекеттің тірегі болып саналатын — Отбасының нышаны. Ұшқыр тұлпар өз бойына Уақыт пен Кеңістікті біріктіреді. Ол — мәңгілік өмір үлгісі және біздің елтаңбамызда шексіз даму, рухани байлық және Қазақстанда бір шаңырақ астында тұрып жатқан ұлттар мен ұлыстардың әр түрлілігін бейнелеп тұрады. Бес бұрышты жұлдыз елтаңбаның тәжі іспетті. Әрбір адамның жол көрсетіп отыратын өз жұлдызы бар. Мұндай жұлдыз мемлекетте де болуы керек.[1]
ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Қазақ тiлi