Написать мини сочинение на тему мой любимый спорта (хоккей)на казахском языке

alina1922 alina1922    1   23.06.2019 07:20    0

Ответы
Darina20152015 Darina20152015  19.07.2020 09:15

Менің сүйікті спортым - хоккей.

Әркімнің өзіне жақын әрі сүйікті спорты болады. Біреулер жеңіл атлетикамен айналысқанды жақсы көрсе, енді басқалары футбол ойнауды ұнатып жатады. Ал менің сүйікті спортым - хоккей.

Хоккей – арнайы шыбық (клюшка) пен шайбамен немесе доппен ойнайтын спорт түрі. Яғни шайбалы хоккей және допты хоккей болып екіге бөлінеді.

Алғаш рет хоккейге ұқсас ойын түрін Голландияда ойлап тапқан екен.  Ал қазіргі кезде бүкіл әлемде ойналатын спорт түрі Канадада пайда болған. Ойынның мақсаты - шайбаны (допты) қарсыластың қақпасына кіргізу. Ойын жиырма минуттық үш кезеңнен тұрады. Егер үш кезек бойы жеңімпазды анықтай алмаса, онда овертайм ойнатылады. Овертаймда да жеңімпазды анықтау мүмкін болмаса, онда буллиттер сериясы жарияланады.

Қаламызда өткізіліп тұратын хоккей ойындарын үзбей көремін және екі жылдан бері осы спортпен айналысып келемін. Болашақта хоккеймен кәсіптік деңгейде айналысқым келеді.

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Қазақ тiлi