Ұшақ (ағылш. airplane, plane, орыс. самолёт) — күштік қондырғы (қозғалтқыш) көмегімен атмосферада ұшуға арналған, қозғалмайтын қанаты бар, ауадан ауыр ұшу аппараты. Бұл аппарат өз қозғалтқышының тарту күшімен белгілі бір жылдамдықпен қозғалған кезде қанатында пайда болатын көтергіш күш әсерінен аспанға көтеріледі.