Написать эссе на казахском на тему Әлемдегі ірі кітапханалар

Sokolova2327 Sokolova2327    3   25.12.2021 10:44    1

Ответы
natulina2009 natulina2009  13.02.2022 09:31

Кітапхана- білімнің қайнар көзі .Біз білмейтін мәліметтерді немесе интернеттен таба алмаған ақпараттарды осы жерден табамыз.Және бұл жер кітап сүйер қауым үшін жұмақ секілді.Ал сіз әлемдегі ең үлкен кітапхананың қай жерде екенін білесіз бе?

Әлемдегі ең үлкен кітапхана АҚШ Конгресінің кітапханасы,ол Вашингтон қаласында орналасқан.

Кітапхана қоры-470 тілде жазылған 155 миллионнан астам кітапты құрайды.Сонымен қатар,кітапханада түрлі қолжазбалар, аудиожазбалар мен фильмдер бар.Ғимарат оқырмандарды өзінің сәулетімен және бірегейлігі мен қызықтырады.Мұнда мектептен бастап,үкіметтік ұйымдарға арналған әдебиетке дейінгі, әр түрлі сипаттағы оқулықтар бар.

Кітапханада 18 оқу залы бар,олар күніне 1500-ге жуық келушілерді қабылдай алады.Жыл сайын бұл мекемеге шамамен 1.7 миллион оқырман келеді,ал қызметкерлер саны 3600 адамды құрайды!

Кітапхананың құрылу тарихы. Мекеме 1800 жылы 24 сәуірде АҚШ астанасы Вашингтон болған кезде құрылды. Бірінші қорды құруға үлкен сома бөлінді (сол кезде): 5 мың доллар.Кітапхана 15 жыл бойы үздіксіз жұмыс істеді, алайда соғыз кезінде кітапхана қирап қалды.Барлық құнды қағаздар өртеніп,кітапхана қорынан айырылды.Соғыс аяқталғаннан кейін бұрынғы Президент Томас Джеферсон өз кітап колекциясын 24 мың долларға сатты.Осылайша кітапхананың қайта жандануы басталды.Бірақ бұл ұзаққа созылмады, өйткені 1851 жылы кітапханада шыққан өрт кітаптардың көп бөлігін жойды.Сондықтан қалпына келтіруді басынан бастауға тура келді.

Кітапхана қорының толығуы. XIX ғасырда АҚШ үкіметі, "мемлекетте жарияланған кез-келген кітаптың кем дегенде бір данасынан кітапхана қорына тапсырылуы керек" деген заң шығарды .Кітапхана күн сайын 15мың кітапқа толығып отырады.Осылайша әдеби үлгілердің жыл сайынғы өсімі 3 миллионаға жуықтады.Қазіргі таңда колекцияның үлкендігі сонша, егер барлық сөрелерді бір қатарға салса,оның ұзындығы 1,5 шақырым болады.Бұл кітаптардың кем дегенде үштен тен бірін оқып бітіру үшін бір адамның өмірі жетпейді екен.Кітаптардан бөлек бұл жерде 5 миллион карта( әлемдегі ең үлкен карта колекциясы), 3.4 миллионнан астам қолжазба, 13.5 миллионға жуық фотосуреттер сақталған. Және де АҚШ- та сұранысқа ие комикстар, олардың мұнда 100 мың данасы бар.Бұл мемлекеттегі ең үлкен колекция тіпті әлемдегі деуге де болады.

Кітапхана жайлы қызықты 3 факт:

№1.Кітапханада 1931 жылдан бастап, зағип жандарға арналған кітаптар жинағы бар.

№2. Комикстер мен карталардан басқа, телефон анықтамаларының әлемдегі ең үлкен коллекциясы бар.

№3. Кітапхана жыл сайын шамдарға шамамен 100 мың доллар жұмсайды.

Кітапхана рухани байлықтың ордасы.Жастарымыз білімді, сауатты болуын қаласақ, компьютерлік клубтардың емес кітапханалардың санын арттыруымыз керек.

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Қазақ тiлi