написать эссе на казахском 150 слов


написать эссе на казахском 150 слов

alexkiop76 alexkiop76    3   29.10.2020 13:03    0

Ответы
dimon4ikk122 dimon4ikk122  28.11.2020 13:04

Өзге тілдің бәрін біл, Өз тіліңді құрметте!

Анамыздың ақ сүтімен бойымызға дарыған тілімзді ұмыту-бүкіл ата-бабамызды, тарихымызды ұмыту деп Бауыржан Момышұлы тілге деген көзқарасын айтып кеткен. Қазақ ұлтында тіл туралы жырламаған ақын-жазушы кем де кем. «Ал екіншібақытым — тілімменің»,- деп жырлаған Мұқағали ақынның өлеңі әр қазақ баласының көкірегінде сайрап тұр.

Қазақ тілдің көрсеткішін көтеру үшін әр қайсымыз ана тілімізде сөйлеп, ана тілінде қарым-қатынас жасауымыз керек. БАҚ құралдары мен қоғамдық орындағы іс-шаралар қазақ тілінде өтер болса, тілімізге сұраныс арта береді. Қазір өзге ұлт өкілі түгіл, қазақтардың өзі ана тілін керексіз етіп отырғаны жасырын емес. Тіл түзелмей, қоғам түзелмейді; мемлекеттің де, ұлттың да болашағы күңгірттене береді. Сондықтан да еліміздің қоғамдық-рухани өмірінде ұлттық тіл саясатын барынша батыл қолға алып, қарқынды жүргізу үшін мемлекеттік қызметкерлердің де ролі орасан зор. Мемлекеттік тілдегі істердің санын көбейтіп, сапасын арттыру, мемлекеттік тілде сот ісін жүргізу, мемлекеттік тілді қолдану аясы жөніндегі мәселелерді қолға алып, жұмыстар атқарылуда. Мемлекеттік тілге байланысты сот тарапынан жүргізіліп жатқан ауқымды іс-шаралар көп, бірақ сотқа келіп түсетін қылмыстық істер саны әлі де аз. Сот қызметкерлеріне Қарағанды облыстық сотының тарапынан мемлекеттік тілді тегін оқуға және дәрістер алуына мүмкіншілік жасады, сонымен қатар кітапхана ашылып, қалаған қазақша кітаптарын алып оқуға рұқсат берілді. Шығыс құжаттар мемлекеттік тілде рәсімделініп, жолданатын болды. Тілге деген құрметті міне өзімізден бастасақ, болашақ өскелең ұрпаққа тілімізді аманат етіп ұялмай қалдырар едік. Болашақ əркімді де толғандыратыны рас.Сол болашақтың тірегі кім?Əрине,жас қанатты жастар.Жас ұрпақ болашақтың тірегі,елінің сенімі отаның өркендетуші,күллі жұрттың ертеңі.Жаңа буындарға сенім артып өлең жазып,қалам сілтемеген ақындар кемде кем шығар. Ш. Құдайбердіұлы «Жастарға» өлеңінде Абайды жастарға үлгі еткісі келіп, осы өлеңі арқылы жастарды жаман мінезден аулық болуға адами сезімді қастерлеуге,сүйіспеншілік пен ішкі рухани тазалықты ана тілін сүюге үйретеді,Абайдың өзінің өсиеттерінің бірінде: «жақсылық пен жамандықты,əділдік пен қиянат туралы білгіңіз келсе,Абайды оқыңыз»- деген екен. Осы ұлы ғұлама ғалымның өсиетін жадына ұстап, бойына қарап бой түзейтін, ісіне қарап ой түзейтін, ана тілін құрметтейтін жастарымыз көп болса екен

Объяснение:

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Қазақ тiлi