Нанның адам өміріне пайдасы туралы ойыңыздыбілдіріңіз.​

HKL11 HKL11    1   15.10.2020 20:27    0

Ответы
mashyanova mashyanova  15.10.2020 22:01

Қазақта «ас атасы – нан» деген сөз бар, яғни астың, дәмнің үлкені – нан. Бала ақ пен қараны ажыратып танымай тұрып-ақ оған оң қолына нан ұстауды, нанды баспауды, тастамауды үйретеді. Нан қасиетті. Адам кез келген тамақты екі күн жесе, ол қанша нәрлі болғанымен сол тамақтан жалығады.

Объяснение:

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
ASabina1111111 ASabina1111111  15.10.2020 22:01

Ғалымдар қанша мөлшерде нан жесең де, оның асқазан микрофлорасына әсер етпейтінін айтады, алайда ескерер жайттар бар.

Зерттеуге 20 адам қатысты. Олардың бәрі зерттеуге дейін күнделікті тамақтану кезінде орта есеппен қуаттылығы 10 пайыз болатын нан жеп келген. Қатысушыларға екі апта бойы нанды екі есе көп жеу ұсынылды. Олардың жартысы ақ нан, жартысы қара нанды таңдады. Екі аптадан соң олардың ағзасындағы қан глюкозасы мен қажетті минералдарының құрамы тексерілді.

«Біз ойлағаннан да басқа қорытындыға көз жеткіздік. Екі нанның қандай жағдайда болса да клиникалық тұрғыда еш айырмашылы болған жоқ», – деді зерттеуші.

Бірақ бұл зерттеу мамандардың айтуынша жалпылай алғандағы қорытынды. Егер әрбір адамды жеке-жеке зерттейтін болса, айырмашылықтар байқалады.Анығында ақ нан жеген қатысушылардың жартысының ағзасы нашарлай бастаған. Бұл дегеніміз оларға ақ наннан басқа түрін жеу керек деген сөз.Мамандар бұл өзгерістің ағзаның нанға гликемиялық реакция беруінен және әр тағам талшықтарына байланысты болғанын айтады. Ғалымдар мұндай тұжырымның барлық адамға қатысты емес екенін ескертеді.

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Қазақ тiлi