Әбу Нәсір әл-Фарабидің нақыл сөздерін ұсынамыз.Ар-ождан алдындағы адалдық өз қадір-қасиетіңе, ізгі іс-әрекетіңе байланысты.Шыншылдық адалдықпен ағалас.Өрге жүзген өнегелі ісімен, Таңда адал дос өз теңіңнің ішінен.Адам мақсатына өзін-өзі жетілдіру арқылы жетеді.Мінез-құлық міні – рухани кеселге жатады. Өзгенің пікірін иемденіп кету – надандық һәм ниеті қара адамға лайық іс.Бейқамдық сәтсіздікке бастайды.Жүргендер көп достық атын малданып, Қалмағайсың сен де бірде алданып.Өз бойында жоқ қасиеттерге құмар кісі көлгір келеді.Білімді болу деген – жаңалық ашуға қабілетті болу. Білім қуған жанның ойы күнделікті күйбеңнен көп алыста жатады.Шын білім – ақиқат, анық білім.Ғылым адам санасына болмысы бөлек, ерекше ұтқыр ұғымдарды орнықтыру арқылы ғана терең ұялайды.Ғылыммен айналыссам деген адамның ақыл-ойы – айқын, ерік-жігері – зор, тілек-мақсаты – ақиқат пен адалдыққа қызмет етуге талап жолында болуы шарт. Жай ләззат іздеу, кәсіпқұмарлыққа ұқсас әрекет ондай болмасқа керек. Мінез – жанның айнасы.Адамның басына қонған бақыттың тұрақты болуы жақсы мінез-құлыққа байланысты.Мінез бен ақыл жарасса – адамгершілік ұтады. Сұлу саз жан сергітеді.Тән ауырса – жан да ауырады.Шын беріліп қызықтаған нәрсе ғана жүрекке жетеді.Ақыл-парасат – адамның ойлауына, пайымдауына, ғылым мен өнердің қыр-сырын ұғуына, жақсы қылық пен жаман қылықтың ара жігін ашуына көмектесетін күш. Тәрбиелеу дегеніміз – адамның бойына білімге негізделген этикалық құндылықтар мен өнер қуатын дарыту.Музыка – рухтың, құмарлық пен ынтызарлықтың, әр алуан көңіл-күйдің ісі. Музыканың негізгі міндеті – адамның эстетикалық қажетін өтеу.Адамға тән бір жақсы қасиет – өзін қоршаған әлемнің әсемдік сырларына үңілу, содан рухани нәр алу, өзінің нәзік сезімін образдар арқылы паш ете алу.Ғақлия көзбен қарасаң, Дүние – ғажап, сен – есік. Жаһлы көзбен қарасаң, Дүние – қоқыс, сен – меншік.Ұстаздық мінез-құлық нормасы мынадай болуға тиіс: ол тым қатал да болмауы керек, тым ырыққа да жығыла бермеуі керек. Өйткені, аса қаталдық – шәкіртті өзіне қарсы қояды, ал тым ырыққа көне беру – қадірін кетіреді, берген білімі мен ғылымына шәкірті селқос қарайтын болады.Қорықсаң істеме,істесең қорықпа Шыңғысхан.
Шыңғысхан.