Надо составить сложные предложения со словами : жақсы , ақыл, танымал, талантты , береді, қарым қатынас, сыйластық, керек, жаксы ұстаз, сүйіспеншілік.

Dima141234 Dima141234    3   14.08.2019 19:00    1

Ответы
Ольга25052000 Ольга25052000  02.08.2020 16:17
Жақсы адам әркезде айналасындағыларға қамқор болады, қолынан келген жақсылығын жасайды, жақсылық жасай алмаған күнде зиянын тигізбеуге тырысады. Ақыл адам бойындағы жақсы қасиет, қандай да бір істі бастамас бұрын ақылға салып, ойланып алған дұрыс. Ол танымал ақын, ел оны құрметтейді, өлеңдерін оқиды. Талантты адам түбінде мақсатына жетеді, өйткені талант кез келген адамда бола бермейтін табиғи сый. Адам ерінбей еңбек етуі қажет, еңбек әруақытта өз жемісін береді. Жақсы қарым-қатынас татулықтың белгісі, татулық бар жерде береке бар. Келін мен ене сыйластықта болса, бақыт пен қуанышқа кенеледі. Ертеңің жақсы болсын десең, бүгін ерінбеуің керек, сабағыңды  жақсы оқып, білім алып, жақсы маман болсаң, келешекте оның рахатын көресің. Жақсы ұстаз шәкірттеріне үлгі, оны олар өмір бойы есінде сақтайды. Отбасында сүйіспеншілік болсын, үлкен кішіге қамқорлық жасасын, кіші үлкенге ізет көрсетсін. 
ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Қазақ тiлi