Надо сделать со всем текстом морфологический разбор . Қан құю – сау адамның қанын науқастың тамырына ем үшін құятын әдіс. Бұл үшін бір адамның қанын кез келген адамға құя беруге болмайды. Өйткені адам қанының құрамы біркелкі емес. Соған байланысты адам қаны 4 топқа бөлінеді. Қан құю үшін қан тобының мәні өте зор. Қаны І топқа жататын адамға тек сол І топтағы адамның қанын құюға, ал қаны ІІ топқа жататын адамға І және ІІ топқа жататын қан құюға болады. Сол сияқты ІІ және ІІІ топтағы қанды ІҮ топқа құюға болады. ІҮ топқа жататын қанды тек ІҮ топқа ғана құю ұсынылады. Басқа топтарға бұл топтың қанын құйса, онда қан ұйып, қан тамырлары бітеледі де, қанның ағуына кедергі келіп, адам өліп кетеді. Сондықтан қан құю алдында әр адамның қаны қай топқа жататынын анықтап алып, тек содан соң ғана қан құяды. Әр адам өзінің қаны қай топқа жататынын үнемі есте ұстауы керек. Бұл оған жедел жәрдем көрсетуді жылдамдатады.

guest246 guest246    3   12.09.2021 06:01    0

Другие вопросы по теме Қазақ тiлi